AzattyqLIVE: Қазақ киносы «Алашорда» образын жеткізе алды ма?

AzattyqLIVE студиясында отырған режиссер Сатыбалды Нарымбетов пен Азаттық журналисі Қасым Аманжол. Алматы, 25 желтоқсан 2015 жыл.

1917 жылы 12 желтоқсанда (қазіргі күнтізбемен - 25 желтоқсан) Орынбор қаласында Алашорда үкіметін құру жөнінде съезд өтті. Сол күні Алаш әскерін құру туралы шешім де қабылданды.

AzattyqLIVE хабарының жүргізушісі Қасым Аманжол «Алашорданың тарихы қазақстандық кинематографияда қамтылды ма? Қазақ киносы Алашорда образын жеткізе алды ма?» деген сауалдарды жазушы және режиссер Сатыбалды Нарымбетовке қойды.

Сатыбалды Нарымбетов – «Созақтан шыққан Гамлет», «Қыз жылаған», «Мұстафа Шоқай», «Аманат» фильмдерінің авторы. Ол фильмдерінде Қазақстан тарихындағы советтік қуғын-сүргін мен сол заман адамдарының образын бейнелеген.

Режиссер Алашорда тарихының бүгінгі кинодағы орны, ол тақырыптағы фильмдердің түсірілу деңгейі жайлы пікірлерін айтты.

Your browser doesn’t support HTML5

AzattyqLIVE: Қазақ киносындағы Алашорда (1-бөлім)

Your browser doesn’t support HTML5

AzattyqLIVE: Қазақ киносындағы Алашорда (2-бөлім)