Accessibility links

Украинадан Еуропаға кетіп бара жатқан әйел мен бала. 5 наурыз 2022 жыл.
Украинадан Еуропаға кетіп бара жатқан әйел мен бала. 5 наурыз 2022 жыл.

Украинадағы соғыс. 1-8 наурыз арасында не болды?

Украинадағы соғыс жайлы барлық ақпаратты осы парақшадан таба аласыз.

  • Украинада шайқас жүріп жатқан аймақтардан бейбіт тұрғындарды эвакуациялау үшін гуманитарлық коридорлар ашылды. Коридор ашуды екі тарап келіссөз кезінде келіскен.
  • Украина Ресей 12 мың әскерінен айырылды деп отыр.
  • АҚШ Ресей мұнайынан бас тартады.
  • Украинадан соғыс басталғалы екі миллион адам елден кетуге мәжбүр болған.
  • Украина президенті Владимир Зеленский Киевте екенін мәлімдеп, бірнеше видео жариялады.
  • Британиялық Shell мұнай-газ компаниясы ресейлік жобалардан шығатынын, Ресейден мұнай шикізатын алмайтынын мәлімдеді.
  • Жапония мен Австралия да Ресейге санкцияны күшейтті.
22:39 8.3.2022

Украинадағы соғыс. 8 наурыздағы негізгі оқиғаларды қысқа-нұсқа шолып шығыңыз:

  • Украинада шайқас жүріп жатқан аймақтардан бейбіт тұрғындарды эвакуациялау үшін гуманитарлық коридорлар ашылды. Сум қаласынан Полтоваға адамдар эвакуацияланғаны хабарланды.
  • Украина Ресей 12 мың әскерінен айырылды деп отыр. ЦРУ Ресейдің соғыстағы адам шығыны 2 мыңнан 4 мыңға дейін деп есептейді.
  • АҚШ Ресей мұнайы, газы және көмірін импорттаудан бас тартады.
  • Ұлыбритания да Ресейдің мұнайы мен газынан бас тартпақ.
  • Украинадан соғыс басталғалы екі миллион адам елден кетуге мәжбүр болған.
  • Украина президенті Владимир Зеленский Киевте екенін мәлімдеп, бірнеше видео жариялады.
  • Британиялық Shell және British Petroleum мұнай-газ компаниясы ресейлік жобалардан шығатынын, Ресейден мұнай шикізатын алмайтынын мәлімдеді.
  • Жапония мен Австралия да Ресейге санкцияны күшейтті.
  • Зеленскийдің "Слуга народа" партиясы: Ресей Украинаның мемлекеттілігін мойындап, қауіпсіздігіне қол сұқпауы керек.
  • Ресей Украинадағы соғысқа Сириядан жалдамалы солдаттар әкелуге тырысып жатыр деп мәлімдеді АҚШ қорғаныс департаменті.
  • Ресей Украинаға басып кіргелі кемі 41 бала опат болып, 76 бала жараланған. Бұл туралы Украинаның адам құқығы жөніндегі уәкілі Людмила Денисова хабарлады.
  • KFC мен Pizza Hut иесі "Yum! Brands" Ресейдегі бизнесіне инвестиция салуды және дамыту жұмыстарын тоқтатады. Яғни, Ресейде қазір жұмыс істеп тұрған KFC мен Pizza Hut ​орындары қала береді, жаңа орындар ашылмайды.
23:29 8.3.2022

"Макдоналдс" тамақтану орны Ресейдегі жұмысын уақытша тоқтатады. Бұл туралы компанияның бас директоры хабарлады.

KFC мен Pizza Hut иесі "Yum! Brands" Ресейдегі бизнесіне инвестиция салуды және дамыту жұмыстарын тоқтататқан. Яғни, Ресейде қазір жұмыс істеп тұрған KFC мен Pizza Hut ​орындары қала береді, жаңа орындар ашылмайды.

ПІКІРЛЕР

XS
SM
MD
LG