Accessibility links

Украинадан Еуропаға кетіп бара жатқан әйел мен бала. 5 наурыз 2022 жыл.
Украинадан Еуропаға кетіп бара жатқан әйел мен бала. 5 наурыз 2022 жыл.

Украинадағы соғыс. 1-8 наурыз арасында не болды?

Украинадағы соғыс жайлы барлық ақпаратты осы парақшадан таба аласыз.

  • Украинада шайқас жүріп жатқан аймақтардан бейбіт тұрғындарды эвакуациялау үшін гуманитарлық коридорлар ашылды. Коридор ашуды екі тарап келіссөз кезінде келіскен.
  • Украина Ресей 12 мың әскерінен айырылды деп отыр.
  • АҚШ Ресей мұнайынан бас тартады.
  • Украинадан соғыс басталғалы екі миллион адам елден кетуге мәжбүр болған.
  • Украина президенті Владимир Зеленский Киевте екенін мәлімдеп, бірнеше видео жариялады.
  • Британиялық Shell мұнай-газ компаниясы ресейлік жобалардан шығатынын, Ресейден мұнай шикізатын алмайтынын мәлімдеді.
  • Жапония мен Австралия да Ресейге санкцияны күшейтті.
08:48 3.3.2022

Германия ресейлік миллиардер Әлішер Османовтың яхтасын тартып алды

Әлішер Османов.
Әлішер Османов.

Германия билігі Гамбургте Еуроодақ санкциясына ілінген ресейлік миллиардер Әлішер Османовтың 156 метрлік яхтасын тұтқынға алды. Бұл жөнінде яхта кәсібімен айналысатын үш дереккөзге сүйенген Forbes сайты хабарлады.

"Дилбар" яхтасының құны – 600 млн доллар. Ол Гамбургтегі кеме құрастыратын Blohm+Voss зауытында былтырдан бері жөндеуде болған. Forbes дереккөзінің хабарлауынша, мүлікке тыйым салынғаннан кейін яхтаны жөндеушілер сәрсенбі күні жұмысқа шықпаған. Миллиардер өкілі әзірге түсініктеме бермеді.

Османовтың яхтасы 2016 жылы авторлық жоба бойынша құрастырылған. Оны салуға 5 жыл кеткен. Бұл су ығыстыруы жағынан (шамамен 16 мың тонна) әлемдегі ең ірі кеме. Онда бұрын-соңды яхталарда болмаған өте үлкен бассейн, екі тікұшақ қонатын алаң, сауна бар.

Ресейдің Украинаға басып кіруіне байланысты өзге ірі ресейлік бизнесмендермен бірге Османов та санкцияға ілінген. Forbes мәліметінше, ресейлік миллиардерлерге 32 мегаяхта тиесілі.

11:42 3.3.2022

Spotify стриминг қызметі Кремльдің Украинадағы басқыншылық соғысы үшін Ресейдегі офисін "белгісіз уақытқа жапты". Бұл туралы компания өкілдеріне сілтей отырып Reuters агенттігі хабарлады.

Компанияның мәлімдеуінше, Ресей Украинаға басып кірген соң, Spotify Ресейден өзге елдер үшін Кремльге жақын Russia Today және Sputnik ақпарат құралдарының аккаунтын жапқан. Осыған ұқсас шараны бұған дейін Meta мен Twitter де қабылдаған.

Ресей тұрғындары Spotify қызметін бұдан әрі де қолдана алады. Алайда 2 наурыз күні стриминг қызметінің ақысын төлеуде қиындықтар бары, мәселенің Ресей банктерінің санкцияға түсуінен туғаны айтылды.

11:43 3.3.2022

Украинадан кейін Грузия да Еуроодаққа қосылуға ниет білдіріп отыр

Ираклий Кобахидзе.
Ираклий Кобахидзе.

Грузия Еуроодаққа қосылуға өтінішті 3 наурызда тапсыруды жоспарлап отыр. Ресей басқыншылығына ұшыраған Украина осы аптада Еуроодаққа қосылуға өтініш білдіріп, Еуропарламент Украинаға үміткер мемлекет деген мәртебе беру жөніндегі резолюцияны қолдаған.

"Грузин арманы" дейтін билік партиясының төрағасы Иракли Кобахидзе 2 наурыз күнгі баспасөз мәслихаты кезінде партияның "Грузия Еуроодаққа қосылуға өтінішті дереу тапсыру қажет" деген ұйғарымға келгенін айтты.

Бастапқыда Грузия өтінішті 2024 жылы тапсыруды жоспарлаған, бірақ соңғы жағдайға байланысты өтініш тапсыру кезеңін жеделдетуді ұйғарған.

11:46 3.3.2022

Сенатор Ақылбек Күрішбаев: Мен әлемдегі миллиондаған дауысқа қосыламын, мен де қарсымын соғысқа

Тағы

ПІКІРЛЕР

XS
SM
MD
LG