Accessibility links

Львов қаласына жасалған шабуыл. 26 наурыз 2022 жыл.
Львов қаласына жасалған шабуыл. 26 наурыз 2022 жыл.

Украинадағы соғыс. 21-27 наурыз аралығында не болды?

Украинадағы соғыс жайлы барлық ақпаратты осы парақшадан таба аласыз.

16:14 25.3.2022

Ресей Украинаға басып кіргеніне тура 30 күн болды. Осы бір айдың ішінде не болды? Әр күні болған оқиғаларды қысқа-нұсқа шолып шығайық.

16:34 25.3.2022

Мариупольдегі драма театрға шабуылдан кемі 300 адам қаза болғаны айтылды. 16 наурыз Ресей әскері қаладағы драма театрға әуеден шабуыл жасаған еді. Театрдың жертөлесінде мыңнан аса адам бас сауғалап отырған.

"Куәгерлер тарапынан Мариупольдегі драма театрға шабуылдан 300-дей адам қаза тапқаны жайлы хабар алдық" деді қалалық кеңес.

Мариуполь қаласы бірнеше аптадан бері Ресейдің қоршауында тұр. Украина президенті Зеленский қалада әлі 100 мың адам бар деген еді.

Соғыс уақытында мұндай ақпараттарды тәуелсіз дереккөздерден тексеру мүмкін емес.

17:18 25.3.2022

АҚШ жыл соңына дейін Еуропа одағына 15 млрд куб метр сұйытылған табиғи газ жібереді. Осы арқылы Батыс елдері Ресей газының импортын төмендетпек. Еуропа одағы көлікке қажетті сұйытылған газдың 40 пайызын Ресейден алады.

17:35 25.3.2022

Украина әскері Киев маңында Ресей әскерін тықсырып жатқаны айтылды

Ұлыбритания қорғаныс министрлігі Украина әскерилері Киевтің шығысында Ресей әскерін тықсырып, Киевтен 35 шақырым жердегі қалалар мен жерлерді қайта бақылауға алды деп мәлімдеді.

Америкадағы соғысты зерттеу институты (ISW) Украина әскерінің шабуылынан ресейлік әскерилер Киевтің солтүстік-батысында қорғанысқа көшуге мәжбүр болды деп жазды. Институт Украина күші Ресей әскеріне Чернигов облысын қоршауға мүмкіндік бермеді дейді.

Украина президенті кеңсесі жетекшісінің кеңесшісі Алексей Арестович Ресей әскерилері Киевтің солтүстік-батысындағы Гостомель қаласынан қашып кетті деді.

Тағы

ПІКІРЛЕР

XS
SM
MD
LG