Accessibility links

Львов қаласына жасалған шабуыл. 26 наурыз 2022 жыл.
Львов қаласына жасалған шабуыл. 26 наурыз 2022 жыл.

Украинадағы соғыс. 21-27 наурыз аралығында не болды?

Украинадағы соғыс жайлы барлық ақпаратты осы парақшадан таба аласыз.

09:22 24.3.2022

The Insider журналисі Оксана Баулина Киевте оққа ұшты

Оксана Баулина
Оксана Баулина

The Insider басылымының тілшісі Оксана Баулина Киевте редакция тапсырмасын орындап жүрген кезде оққа ұшып, қаза тапты.

"Ол Ресей бомбалап жатқан Киевтің Подольск ауданын суретке түсіріп жүрген кезде жаңа зымыранның бомбалауының астында қалды. Онымен бірге бір бейбіт тұрғын қаза тапты. Оларды ертіп жүрген екі адам жараланып, ауруханаға түсті" деп жазады The Insider.

Оксана Баулина бұған дейін Алексей Навальный негізін қалаған Жемқорлықпен күрес қорында жұмыс істеген. Азаттықтың Орыс қызметінде және "Медиазонада" тілші болған.

2017 жылы Азаттықтың Орыс қызметі Оксана Баулина жайында деректі фильм түсірген. Ол кезде Оксана "Навальный Live" каналында бас редактор қызметін атқарған. Каналды Ресей билігі экстремистік ұйымдардың тізіміне енгізгеннен кейін Баулина Ресейден кетуге мәжбүр болған.

11:03 24.3.2022

АҚШ президенті Брюссельде. Джо Байден НАТО-дағы одақтастарымен Украинадағы соғысты талқыламақ

Украинадағы соғыс екінші айға ұласқан тұста АҚШ президенті Джо Байден Брюссельде одақтас елдердің басшыларымен Ресейге қарсы экономикалық қысымды күшейту мәселесін талқылайды.

Байден Бельгия астанасына сәрсенбі, 23 наурыз күні кешке жеткен. Бейсенбі, 24 наурыз күні ол НАТО-ның төтенше саммитіне, "Үлкен жетіліктің" жиынына және Еуроодаққа мүше 27 елдің саммитіне қатысады. Күн соңында баспасөз мәслихатын өткізеді.

11:52 24.3.2022

Франциялық көлік өндіруші Renault компаниясының директорлар кеңесі Мәскеудегі зауытын тоқтату жөнінде шешім қабылдады.

"АВТОВАЗ-дағы үлесімізге келсек, Renault Group қазіргі жағдайды ескере отырып, Ресейдегі 45 мың қызметкеріне жауапкершілік таныта отырып қолжетімді қадамдарды қарастырып жатыр» делінген компанияның ресми сайтында.

12:12 24.3.2022

Ресей әскері басып алған Бердянск тұрғындары қала портындағы жарылыс туралы хабарлады

Қала тұрғындары Ресейдің бір кемесі батып кеткенін, екі ұшақтан түтін шыққанын айтады. Сондай-ақ қару-жарақ пен жанармай қоймасы жойылған. Украина қарулы күштері де Ресейдің кемесін ("Орск" десант кемесі) жойғанын мәлімдеді. Бұл ақпарат туралы өзге дерек әзірге жоқ.

Тағы

ПІКІРЛЕР

XS
SM
MD
LG